Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызы (28.09.1961 ж.т., Қызылорда обл., Қазалы ауд. дүниеге келген) – шығыстанушы, лингвист, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіндегі араб бөлімін бітірген (1985). Университетті бітіргеннен кейін еңбек жолын Қазақстан Орталық музейінде ғылыми қызметкер болып бастады (1985-1989 жж.). 1990 жылдан бастап қазіргі таңға дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қызмет атқарып келеді. 1995 ж. Марокко Корольдігіндегі Мауляй Исмаил, 2004, 2008 жылдары Египет Араб Республикасындағы Каир университеттерінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттыру тағылымдамаларынан өтті. 1990 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, шығыстану факультеті деканының орынбасары, арабтану кафедрасының меңгерушісі, шығыстану факультетінің деканы қызметтерін атқарды. Ғылыми жұмыс тәжірибесі - 30 жыл. 2002 ж. «Қазақ қисса- дастандарындағы араб, парсы сөздері» атты тақырыпта (ғыл. жетекшісі – проф. Р.Сыздықова) кандидаттық, 2010 ж. «Қазақ тіліндегі араб, парсылық кірме фразеологизмдер» (ғыл. консультант – академик Р.Сыздықова) атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. Соңғы 20 жыл көлемінде қазақ тіліндегі араб, парсы тілдерінен енген кірме лексикалық бірліктер, лингвистикадағы кірмелік мәселесімен, араб, парсы және қазақ мәдени-тілдік байланыстары, орта ғасырлардағы араб жазулы түркі жазба ескерткіштерінің тілін зерттеумен айналысып келеді; 3 ғылыми монографияның, 80 ғылыми мақаланың авторы, лингвистика саласында, мәдени-тілдік байланыстар мәселелері бойынша маман, 2012-2014 жылдарға арналған «Түркі әлемі мен Шығыс: мәдени-тілдік қарым-қатынастар (диахрондық қыры)» атты ғылыми жобаға (гранттық қаржыландыру) жетекшілік етті. Жоба нәтижесі 2014 жылы «Түркі әлемінің Шығыс елдерімен мәдени-тілдік байланысы (араб, парсы және үнді тілдеріндегі түркизмдер)» тақырыбындағы монография түрінде жарық көрді. 1997-1998 жылдары А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Қазақ әдеби тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігі» жобасына қатысты. Жобаны қаржыландырған - ҚР БжҒМ; Қазір ҚР БҒМ ҒК грантымен «Мысыр мәдениетіндегі түркілік қабат» атты ғылыми жобаға жетекшілік етеді (2018-2020); 4 PhD жұмысына жетекшілік етіп, қорғатқан. 2012 жылы ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері атанды. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1985

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
08.05.2002
Доктор
13.01.2012

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
14.12.2005
Мемлекеттік сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
Мемлекеттік грант " ЖОО үздік оқытушысы" 09.01.2013
"Қазақстан Республикасаы білім беру ісінің құрметті қызметкері белгісі
Қызығушылығы

7

Джубатова Баян Нурсултановна

Мустафаева А.А. 2012 - г. 4 - стр. 0
8

Джубатова Баян Нурсултановна

Мустафаева А.А., Надирова Г.Е. 2012 - г. 4 - стр. 0
9

Джубатова Баян Нурсултановна

2013 - г. 5 - стр. 1
10

Джубатова Баян Нурсултановна

Араб, парсы кірме фразеологизмдері этимондарының түпнұсқа тілдегі мәртебесі 2013 - г. 5 - стр. 0
11

Джубатова Баян Нурсултановна

2012 - г. 3 - стр. 0
12

Джубатова Баян Нурсултановна

Ли Б.Д. Білім, ғылым және бизнестің интеграциясы елдің білімге не- гізделген экономикасын қалыптастыруы (Корея Республикасының университеттеріне негізделген) 2015 - г. 6 - стр. 74
13

Джубатова Баян Нурсултановна

Жиекбаева А.Б., Мустафаева А.А. Written manuscripts in ancient Kipchak language of 13-15th centuries and their research problems in Kazakhstan 2015 - г. 7 - стр. 5
14

Джубатова Баян Нурсултановна

Жиекбаева А.Б., Жумажанова Ф.Т., Мустафаева А.А. Turkic-Arabic Cultural and Linguistic Relations 2016 - г. 10 - стр. 0
15

Джубатова Баян Нурсултановна

Абаған А.Б. Корей және Қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің ұлттық ерекшеліктері 2013 - г. 5 - стр. 0
16

Джубатова Баян Нурсултановна

Дешті қыпшақ мәдениетінің Араб Шығысындағы көрінісі//ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы№3 (86) 2018 - г. 5 - стр. 86
17

Джубатова Баян Нурсултановна

Надирова Г.Е. Status of the Kypchak Language In Mamluk Egypt: Language - Barrier Or Language -Contact?” 2018 - г. 5 - стр. 3
18

Джубатова Баян Нурсултановна

Надирова Г.Е. Turkic Ethnic Realities in The Medieval Manuscript of Kipchak Origin 2018 - г. 7 - стр. 12
19

Джубатова Баян Нурсултановна

. Фразеологизмдердегі ұлттық мәдениеттің бейнеленуі (қазақ және корей тілінің материалдары негізінде) // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. 2017 - г. 7 - стр. 4
20

Джубатова Баян Нурсултановна

2021 - г. 7 - стр. 104